The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Шымкенттік дәрігерлер израильде біліктілігін арттыруда

Тәжірибе алмасу мақсатындағы бұл жұмыстар мегаполис медицинасының сапасын жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік береді. Жергілікті дәрігерлер жедел медициналық көмек, ана мен бала саулығын жақсарту, емдеу шаралары бойынша шеберлігін шыңдауда. Оқыту жұмыстары екі аптаға жалғасады.

Айта кетейік, Шымкенттік дәрігерлер қазан айына дейін үш топ бойынша Израильде тәжірибе жинақтауға жіберіледі. Қазір бірінші топтағы мамандар медициналық ұйымдарда кәсіби біліктілігін шыңдауда.

Израиль мемлекетінде білімін жетілдіретін топтың құрамында реаниматолог, пульмонолог, акушер-гинеколог, кардиолог, педиатр дәрігерлерінен жинақталған 44 медицина қызметкері бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Қазығұрттағы шаруа қожалықтары мен әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты

admin

Түркістан: Отырарда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтіп жатыр

admin

Түркістандағы спорттың даму қарқыны

admin