The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен өрт тактикалық жаттығуы өтті

Іс-шараға қалалық 1 және 39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 4 техника, 20 маман және Кентау қаласынан 1 техника, 5 маман сонымен қатар мемлекеттік коммуналдық қызметкерлері, жол патрульдік қызметкерлері қатысты.

Аталған оқу жаттығудың мақсаты тұрғындардың төтенше жағдайда өз-өзін құтқаруға үйрету.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді: егерде үйіңізден өрт шыққан жағдайда ең алғашқы іс-қимылыңыз «101» немесе «112» телефонына хабарласу.

Өрттің аумағы кішкентай болса сумен немесе дымқыл матамен өшіру қажет.

 Егер өрттің аумағы үлкейіп өзіңіз өшіре алмайтын дәрежеде болса отбасыңызбен қауіпсіз жерге шығуға әрекеттеніңіз.

Есіңізде болсын көп қабатты тұрғын үйлерде төтенше жағдай орын алған жағдайда ешқашан жедел сатыны (лифт) қолдануға бодмайтынын ескертеміз.

Мүмкіндігінше эвакуациялық баспалдақты қолданыңыз. Егер төменгі қабатқа түсуге мүмкіндік болмаған жағдайда балкондарға шығып құтқару қызметі келгенше күтіңіз.

Ұқсас жаңалықтар

«Маугли» балалар: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

admin

Түркістан облысында жылына 16 мың тонна қызанақ пен қияр өсіретін жылыжай бар

admin

Алматыда бір бөлмелі пәтерде жүзден астам адам «тұрған»

admin