The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң қабылданды

 Мәжіліс екінші оқылымда “Жасанды интеллект туралы” заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленген.

Заңда алғаш рет жаңа ұғымдар заңды түрде бекітілді: “жасанды интеллект”, “модель”, “жүйе”, “деректер кітапханасы”, “синтетикалық нәтиже”.

Құжат жасанды интеллект саласында құқықтық және ұйымдастырушылық реттеуді, ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді. 

Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда ИИ технологияларын қолдану ерекшеліктері айқындалды. Үкіметтің осы саладағы саясатты қалыптастырудағы өкілеттіктері де кеңейтілді.

Күтіліп отырғандай, бұл заң Қазақстанда қауіпсіз әрі тұрақты жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру жолындағы алғашқы маңызды қадам болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

2299 тұрғын мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысты

admin

Жеңіс күні: Ардагерлерге біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге берілді

admin

Более 600 бизнес-проектов успешно развиваются при поддержке фонда «Даму» в Астане

admin