The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентауда Алтын құрсақты аналар ардақталды

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова алтын құрсақты аналарды қабылдап, Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған «Алтын алқа», «Күміс алқа» мәртебелі наградаларын табыс етті.

Ақнұр Нұралықызы еліміздің демографиялық өсуіне елеулі үлес қосқан ақ жаулықты аналардың қоғам өміріндегі алар орны ерекше екенін атап, құрмет көрсетті. Жиында 6 анаға “Алтын алқа”, 18 анаға “Күміс алқа” берілді.

Жалпы, бүгінгі таңда Кентау қаласында 458 “Алтын алқа”, 966 “Күміс алқа”, 32 “Батыр ана”, 62 жан 1,2-ші “Ана даңқы” иегерлері бар.

Айта кетейік, бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға түрлі бағыттағы әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Қоғамға белсенді әйелдерді жұмыспен қамту, кәсіптік оқуларға жолдама беру, жаңа бизнес идеяларына қолдау шаралары тұрақты түрде іске асырылып келеді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Салық кодексі: Сенат жаңа ережелерді іске асыру жолдарын талқылады

admin

Әскери қызметшінің барлығы бұл туралы білуі керек

admin

Шымкент қаласының басты жетістіктері тақырыбында дөңгелек үстел өтті

admin