The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

 Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 2024 жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізілетінін ескертеді.

Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады. Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, — деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық мектеп директоры халықаралық “Болашақ” стипендиясын жеңіп алды

admin

ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында 5 қабатты 47 үй салынады

admin

Шымкент: қала әкімінің көшпелі кездесуі Әл-фараби ауданында қорытындыланды

admin