The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі Комиссияның алтыншы отырысын өткізді.

Екі елдің мемлекеттік органдары мен ведомстволары өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара барысында тараптар өткен кезеңдегі бірлескен жұмыстың қорытындыларын тамамдап және екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіріп», саяси және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ адами өлшем аспектілеріне ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту және тереңдету жөніндегі алдағы кезеңге деген жоспарларды айқындады.

Қатысушылар ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің АҚШ-қа сапарының және Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенмен кездесуінің қорытындыларын талқылады.

А. Рахметуллин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген саяси және демократиялық қайта құрулардың екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелерімен сәйкес келуін, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі элементтерінің бірі болып табылатын инфрақұрылымдық жобалар мен көлік бағыттарын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Келіссөздер барысында тараптар энергетика және маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Америкалық тарап, өз кезегінде, өткен жылдың қыркүйегінде өткен «С5+1» мемлекет басшылары саммитінің қорытындысы бойынша іске қосылған жобаларға ерекше назар аудара отырып, екіжақты серіктестіктің тұрақты ілгерілеуін жоғары бағалады.

Комиссия отырысының қорытындысында тараптар өзара тиімді негізде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыруға дайындығын растады.

Қазақстандық делегацияның сапары аясында АҚШ Әкімшілігінде, Мемлекеттік департамент басшылығымен, Сауда өкілінің Кеңсесімен және АҚШ-тың басқа да мүдделі ведомстволарымен жеке кездесулер өтті. Сонымен қатар, америкалық азаматтық қоғам өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның барысында қазақстандық тарап елдегі адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұлттық заңнамадағы жаңа еңгізілімдер туралы хабардар етті.

Тараптар Қазақстан-Америка арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының кезекті отырысын 2025 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында туристік бағыттағы жолдарды жөңдеуге басымдық берілуде

admin

Түркістан облысында қызылшаға қарсы иммундау белсенді жүргізіліп жатыр

admin

ІІМ-де үлкен ауыс-түйіс: Алматы, Түркістан және өзге өңірлерде полиция басшылары жаңарды

admin