The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қостанайда жаңа шойын құю зауыты іске қосылады

 Қостанайда ел экономикасының жаңа локомотивіне айналуы тиіс жоғары технологиялық екі зауыттың біреуінің құрылысы аяқталуға таяу, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зауыт көлік қозғалтқыштарының блоктары мен жүк машиналарының қозғалтқыш редукторлары бар корпустарды шығаратын болады.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов инженерлермен кездесіп, іске қосу-реттеу жұмыстарының барысын, кадрларды даярлау, мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ өндіріс ошағына кірме жолдарды салуды және объектіге инженерлік коммуникацияларды өткізу іспетті инфрақұрылымдық жұмыстарды талқылады.

Инвесторларды қолдау мақсатында қуаты 224 МВт «Батыс» қосалқы станциясы іске қосылды, ол индустриялық аймақ аумағындағы барлық кәсіпорындарды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, біздің алдымызда елдің берік өнеркәсіптік қаңқасын қалыптастыру» міндеті тұр. Сондықтан өңдеу секторын жедел дамытуға баса назар аудару қажет, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, индустриялық секторда инвестициялар тарту және жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросы ана мен баланы қорғау туралы арнайы зерттеу жүргізеді

admin

Сайрам – Өгем мемелкеттік ұлттық табиғи паркі аумағына арнайы саяхат ұйымдастырылды

admin

Мектепте асық ойыны ұлттық спорт түрі ретінде насихатталуда

admin