The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Алматыда полицей атын жамылған бір топ адам ұсталды

 Алматыда полицей атын жамылған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты. Тергеудің мәліметінше, қаскөйлер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген. Келтірілген шығын соммасы 12 миллион теңгеден асты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қаласы мен Алматы облысы полиция бөлімшелерінің бірлесіп жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алты адам ұсталды.

Тінту кезінде жалған қызметтік куәліктер, процессуалдық құжат бланкілері, нысанды киім элементтері, оқ-дәрілер, мөрлер, суық қарулар, сондай-ақ түрлі елдерден келген мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді.

Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Мұндай қылмыстармен күресу — біздің жұмысымыздың басым бағыты болып табылады. Біз жәбірленушінің арызына жедел ден қойып, мақсатты іс-шаралар ұйымдастырып, күдіктілерді ұстадық. Алматы полициясы құқық қорғау рәміздерін заңсыз пайдалану деректерінің жолын кесуді және оған қатысы барлардың барлығын жауапкершілікке тартуды жалғастырады, — деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Ұқсас жаңалықтар

«ОТБАСЫ КҮНІНДЕ» оқушыларға отбасылық құндылықтар терең түсіндірілді

admin

ТҮРКІСТАН: жастар мемлекетік бағдараламалар туралы арнайы мамандардан, сонымен қатар заңгер, психологтан кеңес ала алады

admin

Түркістан облысының транзиттік әлеуеті артып келеді

admin