The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықДенсаулық

Роботтар алдағы уақытта хирург-дәрігерлерді алмастыруы мүмкін

 Америкалық кәсіпкер, Neuralink нейротехнологиялық компаниясының басшысы Илон Маск роботтар алдағы бес жыл ішінде хирург-дәрігерлерді толықтай алмастыра алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Илон Маск алдағы уақытта роботтар отаны тәжірибелі хирургтерден де жақсы жасай алатындығын айтты. Роботтар шамамен 5 жыл өткен соң үздік хирург-дәрігерлерді басып озады, — деп жазды Маск.

Айтуынша, Neuralink адамның қолы жетпеген жылдамдық пен дәлдікті компьютер-миы арқылы электродтарды енгізу үшін роботты қолдануға мәжбүр болған.

Neuralink – Илон Масктың компьютерге миды тікелей қосу үшін нейроимпланттар әзірлейтін компаниясы. Олар неврологиялық аурулармен ауыратын адамдарға көмектесуді мақсат тұтады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шұлық шығаратын кәсіпорын іске қосылды

admin

Тарихта алғаш рет Англия шіркеуінің көшбасшысы әйел болды

admin

Еліміздегі порт теңіз әкімшілігі теңіз кемелеріне 231 тексеру жүргізді

admin