The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

Төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде жастар топқа бөлініп төбелескен, деп хабарлайды аудандық полиция бөлімі. 

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қалған деректер ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабының талабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деп мәлім етті полиция бөлімінен.

Топтық төбелеске байланысты аудан әкімдігі тарапынан кезектен тыс кеңейтілген мәжіліс өткізілген.

Оған аудан әкімі, аудан прокуроры және құзырлы орган қызметкерлері, жоғары сынып оқитын ер балалардың ата-аналары, білім саласы мамандары қатысты. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының тікелей қадағалауымен күшейтілген режимдегі рейдтік жұмыстар күнделікті жүргізілуде, — деді аудан әкімдігінен.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде су тасқыны қаупі бар

admin

Алматыда элиталық тұрғын үй үшін таулар мен сайлар жойылып жатыр

admin

Астанада жылу желілері ерекше тексеріледі: Тұрғындарға маңызды ескерту жасалды

admin