The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Лагерьлерде балалар өміріне қауіпті олқылықтар анықталды

Шымкент қаласының прокуратурасы сауықтыру лагерьлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады.

Ведомство мәліметінше,»Hawaii» лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жүзеге асырған. Ал 2023 жылы бұл лагерьге 478 бала орналастырылған.

Ең көбі 220 баладан аспайтын «Үш бұлақ» лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған. Бұдан өзге лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істегені анықталыпты.

«Медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетуде. Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмеген, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтары жоқ. Тексеру іс-шаралары жалғасуда. Нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады» делінген прокуратура мәліметінде.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

admin

Жалған медициналық көмек шығыны – 26 миллиард теңге. Тоқаев ҚМА төрағасын қабылдады

admin

Түркістан облысының жылыжайларынан бір жылда 140 мың тонна өнім жиналды

admin