The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«Мектеп директоры күйеуін өлтірді»

Астана полициясы күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген мектеп директорына қатысты тергеу қалай аяқталғанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада ақпанда болған кісі өлтіру оқиғасын тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты Астана қаласының Полиция департаменті Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағы – «Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына» байланысты тоқтатылғанын хабарлады.

Полицейлер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес «Соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» бойынша аталған қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтерді ұсыну мүмкін еместігін атап өтті.

Естеріңізде болса, 26 ақпанда елорда полициясына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Әйел Астанадағы мектептердің бірінің директоры болып шықты, ал марқұм, БАҚ-та жарияланғандай, оның күйеуі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар көз емдеуге зейнетақы жинақтарын жиі пайдалана бастады

admin

Бозарық шағынауданында 49 көпқабатты тұрғын үйге инженерлік желілер тартылуда

admin

Түркістан: Созақ ауданын дамыту жолдары жан-жақты талқыланды

admin