The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА-мен қоштасты

ЦСКА мен «Бешикташ» Бахтиер Зайнутдиновтің трансфері жайлы толық келісімге келген. Бұл туралы «Чемпионат» сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылым мәліметінше, клубтар қаржы мәселесін толық шешкен. Зайнутдиновтің өзі бейсенбі күнгі жаттығудан кейін командалас әріптестерімен қоштасқан.

Бұған дейін «Бешикташ» Зайнутдиновтің трансфері үшін ЦСКА-ға 3 млн еуро және тағы осыншама еуро бонус ретінде ұсынғанын жазғанбыз. Ал мәскеулік клуб бірден қолма-қола 6,5 млн еуро сұраған болатын.

Sabah агенттігінің мәліметіне қарағанда, Түркияның клубы ЦСКА-ның сұраған ақшасына келіспей, футболшыны 5 млн еуроға сатып алған. Сонымен қатар кейін оны сатып жатса, тағы 15 процент бонус төлейді. 

Енді Зайнутдинов келісімшарт бойынша «Бешикташтың» құрамында 4 футбол маусымын өткізеді.

Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы «Ростов» клубынан 2 млн еуроға сатып алынған.  

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Дархан Сатыбалды кентаудағы тұрғын үйлердің жылу жүйесін тексерді

admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

admin

Түркістан: Төлеби ауданында әскери оқу-жаттығу жиыны басталды

admin