The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.Жиын барысында ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, кәсіпкерлер макроэкономикалық саясат, соның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеуге және экономиканың нақты секторына қолжетімді несие беруге қатысты пікірлерін ортаға салды. Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру аясында жүйелі цифрландыру, көлік-логистика саласын белсенді түрде дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толыққанды пайдалану, экономиканы индустрияландыру, әсіресе, отандық автомобиль өнеркәсібін ілгерілету мәселелері көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі айтылған ұсыныстардың барлығы жинақталып, нақты шаралар қабылданатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Мұғалім мен оқушыны қолдауға арналған жоба іске қосылды

admin

Депутат мемлекеттік қызметшілерге жеңілдетілген ипотека енгізуді ұсынды

admin

Бағанашылдағы шудан кейін Алматы облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

admin