The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

«Менің отаным – менің Қазақстаным»: Арыста әскери патриоттық шара өтті

 

Арыс қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалының көркемөнерпаздар ұжымы «Менің Отаным – менің Қазақстаным» тақырыбы аясында ауқымды шара өткізді.

Азаматтардың әскери патриоттық рухын ояту мен жас жігіттер арасында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға қала әкімдігі мен Арыс қаласындағы әскери гарнизонның жауынгерлері, жоғары сынып оқушыларының ер балалары қатысты.

Сонымен қатар, Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалының көркемөнерпаздар ұжымын Арыс қаласына бастап келген капитан Ерлан Шүленбаев бұл сапар қала іргесінде орналасқан 44859 әскери бөлімінің құрылған күніне орай ұйымдастырылғанын да атап өтті.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Тұранда жол құрылысы қарқынды жүруде

admin

Жаңа медициналық мүмкіндіктер: Алматыдағы ауруханада орталықтар ашылды

admin

Маңғыстаудағы кісі өлімі: күдіктілер туралы ақпарат үшін 2 млн теңге сыйақы беріледі

admin