The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 доллардан асты

Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта өсіп, барреліне 100 доллардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі күні таңертең Азия саудасында Brent маркалы мұнай 3,75%-ға қымбаттап, 103,69 долларға жетті. Ал Nymex Light Sweet (WTI) мұнайы 3,42%-ға өсіп, барреліне 91,55 доллар болды.

Бұған дейін дүйсенбі күні мұнай бағасы 10%-дан астамға төмендеген еді. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға жаңа соққыларды кейінге қалдыруы және қақтығысты реттеу мүмкіндігі туралы мәлімдемесінен кейін орын алған.

Алайда кейінгі жағдай инвесторлардың алаңдаушылығын қайта күшейтті. Иран тарапы АҚШ-пен келіссөздер жүргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сарапшылардың пікірінше, Таяу Шығыстағы геосаяси белгісіздік мұнай бағасының құбылуына әсер етуді жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округін аралады

admin

Ұлттар достығы өнеге-халықтар достығы үлгі болған Ордабасы

admin

Синоптиктер 21 маусымда еліміздің басым бөлігінде ескерту жасады

admin