Олимпиада-2026: қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады

Қазақстандық биатлоншылар Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында аралас эстафетаға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл сайыста ел намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генёва және Айша Ракишева қорғады.
Қазақстан құрамасы жарысты 21-орынмен аяқтады.
Олимпиада тұғырының ең жоғары сатысына Франция құрамасы көтерілді. Италия күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Германияға бұйырды.








