The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

«Павлодар-Водоканал» компаниясы тұтынушыларына 177 млн теңгені қайтарып береді

Өңірлік табиғи монополияларды реттеу департаменті «Павлодар-Водоканал» ЖШС-ын тексеріп, 155 млн теңгенің заң бұзушылығын анықтады. Жоғарғы Сот департаменттің қаулыларын негізді деп таныды.

Монополистің бекіткен тарифі сметаға сәйкес еместігі анықталған. Табиғи монополияларды реттеу департаменті барлық кемшілікті есепке ала келіп, монополиске тұтынушылардың жалпы сомасы 177,6 млн теңгесін қайтаруға міндеттеді.

Өтемдік тариф бір жыл бойы күшінде сақталады және тұтынушылар әдеттегіден 2% төмен бағамен түбіртек алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұздық монополистер — «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС былтыр жазда ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін екібастұздық тұрғындардан төлем өндіріп келгенін жазғанбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шаралар туралы мәжіліс өтті

admin

Түркістандық полицейдің былапыт сөздерді боратқан сәтінің видеосы пайда болды

admin

Түркістандық әйел 9-қабаттан секіріп өлмек болды

admin