The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Президент Геннадий Головкинді қабылдады

 Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.

Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.

Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ЖИ қателігі: Әйел жазықсыз 4 ай түрмеде отырып, үйі мен көлігінен айырылды

admin

Алматы облысында тазалық талаптарын бұзғандарға 169 млн теңге айыппұл салынды

admin

Ордабасы: аудан әкімі бөлімдерді қабылдады

admin