The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: Адырбеков көшесінің құрылысы 82 % орындалған

Қазіргі таңда Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Алдияров көшесінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі аралықта атқарылған жұмыстармен танысты. Жоба бойынша көшенің жалпы ұзындығы 3,74 шақырым, ені 23 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 82 пайызды құрайды.

Құрылыс барысын қадағалаған Ғ.Әбдімәжитұлы жауаптыларға жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әуежайында Нипах вирусына қарсы шаралар өтті

admin

Энергетикадағы ынтымақтастық: Қазақстан мен Ресей АЭС-ті қалай бірлесіп салмақ?

admin

Түркістан облысында көмір жеткізу ісі қатаң бақылауға алынған

admin