The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы бағаны тұрақтандыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бар екендігін назарға алған қала әкімі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу бағытында нақты жұмыстар атқарылып отыр деді. Оның ішінде ірі желілік сауда орталықтарына қайтарымды айналым қаражаты беріліп, әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығы қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа бөлінетін қаражат жылдан-жылға арта беретінін атап өтті.

Қала көлемінде білім саласына ерекше көңіл бөлініп жатқандығын айтқан қала басшысы, бұл мәселеде мәслихат депутаттары тарапынан үлкен қолдау боп жатқандығын айтты. Білім сапасын арттыруда мақсатты жұмыстар жүйелі түрде атқарыла беретінінен сенім білдірді.
Қала әкімі осы санаттағы маңызды мәселелер бойынша қолдау білдірген мәслихат депутаттарына өз алғысын айта отырып, депутаттық корпус өкілдерін келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

Жиын соңында Мұрат Әйтенов Ресейдің Уфа қаласында өткен еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Бекзат Ермекбаевты ортаға шақырып, арнайы құттықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері келіссөз жүргізді

admin

Зиянды жұмыста істегендерге ақша төленеді: 21 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлем берілді

admin

ШЫМКЕНТ: «Жастар арасындағы этносаралық татулық пен бірлік» тақырыбында сұхбат өтті

admin