The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды

Биыл қалада 3 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды.

Жобаға сәйкес, нысан әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Соңғы үлгіде жабдықталған 3 қабатты ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, оқу сыныбы орналасқан. Сонымен қатар, ғимараттың ауласында автотұрақ, спорт және оқу жаттығу алаңшалары қарастырылған.

Айта кетейік жыл соңына дейін Түркістан көшесінің бойында тағы бір 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталатын болады.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда IT университетін құру жобасы талқыланды

admin

Абай облысында үш адам суға ағып кетті

admin

Сарыағаштық каратэші ел чемпионы атанды

admin