The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері Берік Оспанов және Фахриддин Қаратаевпен кездесу өтті. Бұл туралы партияның инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланды.
Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Бүгінгі таңда бағдарламада бекітілген бағыттар бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, қаламызда жаңа жұмыс орындары ашылып, тиімді инвестициялар тартылуда. Жаңа ғимараттар салынып, жолдар және көлік инфрақұрылымы жаңартылуда. Қала тұрғындары үшін «Қауіпсіз қала» қағидаты сәтті іске асырылып, әлеуметтік саланы дамыту бағытында нақты жетістіктерге қол жеткізудеміз.
Партияның сайлауалды бағдарламаларының орындалуы үнемі назарда! Халықтың сенімін ақтап, қаламыздың көркейіп, дамуына және тұрғындардың жағдайын жақсарту жолында еңбек ету – басты міндетіміз.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 276-орамға инфрақұрылым жүйелері тартылуда

admin

В Туркестане во время III этапа проекта «Кәсіпкерлік қырандары» презентовали 7 проектов

admin

Аида Балаева: Білім саласын дамыту – болашаққа жасалған инвестиция

admin