The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: Төтенше жағдайларға дайындық тексерілді

Шымкентте «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС стратегиялық объектісінде де өтті. Шара барысында, басшы құрам мен қызметкерлердің жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдары пысықталды.

«Баршаның назарына» дабылын алған бойда мұнай өңдеу зауытының диспетчері «Гермес» жүйесі бойынша ұжымды хабардар етті. Зауыт басқармасындағы қызметкерлер дүрбелең тудырмай ұйымдасқан түрде жұмыс орындарын босатты.

«Жер-2023» оқу – жаттығу жоспары бойынша топ басшылары қызметкерлерді түгендеді. Нәтижесінде эвакуациядан кейін бір қызметкердің жұмыс орнында қалып қойғаны анықталды. Газдан құтқару жасағына жәбірленушіні тауып, дәрігерлердің қолына табыстау бұйрығы берілді. Қалған қызметкерлер құрама-эвакуациялық пунктте жиналды.

Мұхамеджан Аблаев, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаментінің директоры: «Жер-2023» оқу-жаттығу жоспарына сәйкес «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» зауытында оқу-жаттығу өткізілді, барлығы  ойдағыдай, күрделіксіз өтті. Басшылық пен қызметкерлердің жер дүмпуі кезіндегі  іс-қимылы  шапшаң, сауатты болды. Жақсы өтті».

Орын алған дүмпулердің салдарынан электр сымдарының қысқа тұйықталуы орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметі кірісті.

Оқу-жаттығуға газдан құтқару жасағы, «Медикер-ПМ» ЖШС базасындағы медициналық пункт, өрт сөндіру бөлімі және қоғамдық тәртіпті қорғау штаттық құрамалары тартылды. Шартты жер сілкінісі кезіндегі басшы құрам мен қызметкерлердің іс-қимылдары оң бағаланды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

admin

Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды

admin

МӘМС пайда болғалы денсаулық сақтау саласында не өзгерді

admin