The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: жаппай сенбілікте ерікті жастар белсенділік танытты

Бүгін қаламызда жаппай сенбілік өтіп, бірқатар әлеуметтік нысандар, көше, аулалар, арықтарға тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар «Әлеуметтік жобалардың қоры» корпоративтік қоры және Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазығұрт шағын ауданында орман алқабында сенбілік өткізілді.

Сенбілікке 100-ге жуық еріктілер қатысты. Ерікті жастар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қоқыстарды фракция бойынша сұрыптап жинады. Сондай-ақ шара барысында жастар команда болып жарысып, белсенділіктерін көрсетті. Сенбілік жұмыстары жастардың бойында тазалық сақтауды үйрену ғана емес, ортаға деген жоғары мәдениетті қалыптастыру екенін түсінді.

Тазалық сақтау және адам өз тұрғылықты жерін таза ұстау — әрбір тұрғынның міндеті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Созақ аудан әкімі Қаратау, Қарақұр ауыл округінде тұрғындармен жүздесті

admin

admin

Антикор мемтапсырыс кезіндегі «сыбайлас қамқорлыққа» қатысты жауап берді

admin