The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Жаз айларында ауладағы қоқыс мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді

Жаз айларында ауладағы қоқыс мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы орайда Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің бастамасымен қоқыс алаңшаларын жуу апталығы басталған болатын.

Әл-Фараби ауданына қарасты Республика даңғылы, Жангелдин, 8-ші наурыз көшелерінде және Қарасу шағынауданында қоқыс алаңшаларын сұйық сабынмен жуу жұмыстары жалғасын тапты.

Санитарлық тазалау жұмыстары барысында қоқыс алаңшалары мен контейнерлер алдымен сұйық сабынмен жуылып, артынан таза сумен шайылды. Сондай-ақ, аптап ыстықта зиянды жәндіктер мен шыбын-шіркейлердің жоламауы үшін хлор себілді.

Сонымен қатар, Нұрсәт шағын ауданындағы көппәтерлі үйлердің аулаларындағы қоқыс алаңдарын жуу жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, аудан аумағында барлығы 67 қоқыс алаңы орналасқан. Қызмет көрсететін мекемелер ай сайын кестеге сәйкес жүйелі түрде санитарлық тазалау жүргізеді.

Айта кетейік, ауданға қарасты контейнерлерге залалсыздандыру жұмыстары жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысына – 4 жыл: ирригациялық желілерді жаңғырту нәтижесінде 10 мың гектарға жуық жерге су жеткізу жақсарды

admin

Шымкент: «Үздіктер шеруі–2023»: ұстаздарға құрмет көрсетілді

admin

ШЫМКЕНТ: Шалғай орналасқан ауданға жоғарғы жылдамдықты талшықты оптика желісі тартылды

admin