The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

«Сіздің жолаушыңыз – бала» акциясы!

«Абайланыз балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара АПБ ЖПҚБ-нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторлары «Сіздің жолаушыңыз бала» акциясын өткізуде. Аталған шараның мақсаты-балаларды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде ұстау құрылғысын пайдалану қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жол-көлік жарақатының алдын алу, жолын кесу болып табылады. Ал бала басты жолаушы екенін ешкім жоққа шығармайды. Көлік апаты орын алған жағдайда көбінесе зардап шегетін балалар. Көлік иелері түрлі сылтау тауып көлікке арнайы балаларға арналған қауіпсіздік құрылғыларын алмайды. Дегенмен ата – ана үшін бала етi баласынан қымбат ештеме жоқ екеннiн түсiндiрген абзал!

Іс-шара барысында Шардара АПБ-нің қызметкерлері халық арасында оның iшiнде жүргізушілерге «Сіздің жолаушыңыз- бала» акциясы аясында профилактикалық түсiндiрме жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар

«Zhas Project» жобасына 3892 қазақстандық қатысады

admin

Жетісайлық ару 21 күнде кәсібін ашып, нәсібін ұлғайтуда

admin

Алматыда өртенген балалар үйінің тәрбиеленушілері қайда баратыны белгілі болды

admin