The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте әкімдік қызметкері 700 млн. бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен істі ҚМА аумақтық Департаменті тергеуде.

Күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан. Ол 700 мл. теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

«Кастет болмаған»: Жасөспірімдер төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

admin

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 777 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды

admin

Шетелге көшкен қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшасын ала алады

admin