The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте қой шаруашылығы дамып келеді

Шымкент қаласында жыл өткен сайын мал басының саны артып келеді. Оның ішінде қой шаруашылығын дамытуға мегаполис жері өте қолайлы. Сондықтан шымкенттік шаруалар қой шаруашылығын дамытуға ерекше ден қойып отыр. Солардың бірі Шымкент қаласы Абай ауданы, Көкбұлақ елді мекенінде орналасқан «Шорабек» шаруа қожалығы. Аталған шаруашылық 2019 жылы өз жұмысын бастаған. Қазіргі таңда 400 бас қойды асылдандыру мақсатында сапалы өнім алу үшін мал тұқымын жақсартуда. Алдағы уақытта қоражай аумағын кеңейтіп, мал басын 1000 басқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Атам қазақ «Мал баққандікі» деп бекер айтпаса керек. Шаруаның басын 20-30 ұсақ малдан бастаған қожалықта бүгінде бір отар қойы бар. Қожалық иесі үкіметтің қолдауының арқасында мал санын арттырсам деген ниетте.

Жалпы алғанда, Шымкентте мал шаруашылығын дамытуды қолға алған шаруалар өте көп. Олардың қаланың дамуына қосып келе жатқан үлесі де өте зор.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қоймадан киім-кешек ұрлаған жас жігіт сотталды

admin

Туркестан: строительство школ – под пристальным вниманием акима области

admin

ШЫМКЕНТ: Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау — басты міндет

admin