The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы капитаны сотталды

Тергеу мәліметтері бойынша, ол сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті болған Шымкенттік азаматқа «қамауда ұстау» санкциясын «үй қамағына алу» санкциясына ауыстыруға, ал кейін тіпті істі толығымен «жабуға» көмектесуге уәде берген.

Самиддин Темірәлиев, Шымкент мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
«Масатпаевтың өзі қызығушылық танытып, куәгермен байланысқан. Ұлымен танысып, көмектесуге уәде берген. Мұның бәрі бар хат алмасу жүргізілген телефонда сақталған және жасырын тергеу амалдарын жүргізу кезінде анықталды».

ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері өз қызметтері үшін 170 миллион теңгеден астам ақша сұраған. Ол қаржыны үш траншпен алған. Дегенмен ол уәдесін орындамай, әйел түрмеге қамалған. Сот оны алаяқтық, арандатушылық және пара беру баптары бойынша кінәлі деп тапты. Бұрынғы комитетші 12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Дегенмен сотталушы өзі өз кінәсін мойындамай отыр. Ол алған қаржыны өтініш берушінің ұлымен бірге бәстен жеңіліп қалдық деген мәлімдеме жасады. Сотталушының өкілдері үкімге апелляциялық алқада шағымданатынын айтады.

Илья Погребняк, сотталушының адвокаты: «Бұл адамдар қылмыстық қудалау органы айыптап отырғандай көрсетілген және оған жақын күндері бір-бірімен байланыспаған. Бұл тек істің өтірікке негізделгенін көрсетеді».

Ұқсас жаңалықтар

Миллион — үшінші мегаполисте 2021 жылдың соңына дейін ел игілігіне берілетін баспананың көлемі

admin

Бәйдібек тұрғындарын алаңдатқан мәселелер талқыланды

admin

Қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жалғасуда

admin