The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шардара: Қолы алтын хирург бір күнде 150 баланы сүндетке отырғызды

 

Бүгін Шардара аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері САРЫБАЕВ Нұрсұлтан Абдуллаұлы Шардара аудандық орталық мешітінде ашық есік күнін өткізіп, 150 баланы ақысыз түрде сүндетке отырғызды. Ашық есік күні бүгін таңғы сағат 7:00-ден 17:00-ге дейін өткізілді.

«Сүндеттеу бұл Пайғамбарымыз (с.а) қалған сүннет амал. Шариғатымызда да және медицина бойынша да сүндеттеу тазалық болып саналады.

Сондай-ақ, орталық мешітте ашық есік күнінін өткізіп, ақысыз түрде жұмыс атқарып жатқан Шардара аудандық орталық ауруханасына оның ішінде хирург дәрігер Нұрсұлтан бауырымызға өз алғысымды білдіремін. Осындай игі шараларды алдағы уақытта тағы да жалғастыратын боламыз»- деді Шардара ауданының бас имамы М.Асанов.

Таңнан баласын ертіп орталық мешітке қарай ағылған тұрғындар сауапты іс-шараны ұйымдастырушы азаматтарға алғыстарын жаудырды.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты

admin

Жарылыс туралы жалған хабарламалар: полиция жауапкершілік барын ескертеді

admin

Ордабасы ауданының 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады

admin