The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бостандық елді мекені ауыз сумен қамтылады

 Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекеніндегі жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан ауыз су мұнарасының және су құбырларының құрылысымен танысты. Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Ауданда елді мекендердің 60,2 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сол себепті тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді.
Құрылыс нысанында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер мекеме мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.
Айта кетсек, қазіргі таңда елді мекенге мердігер мекеме «А.S. ИнвеСтрой» ЖШС-гі тарапынан 37 шақырым су құбырлары жүргізіліп, ауыз су құдықтары мен су сақтау қоймалары орнатылған. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендегі 513 абонент, яғни 3956 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Саяси науқанға дайындық барысы жайлы мәселелер жан-жақты сараланды

admin

ШЫМКЕНТ: Дағдарыс орталығын 300-ден астам азаматқа қызмет көрсетті

admin

Екі шымкенттік жалған шот-фактура арқылы мемлекетке 700 млн теңге салық төлемеген

admin