The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Арыстықтар елордадағы жәрмеңкеге 40 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жөнелтті

Тамыз айының 27-28 күндері елордада Түркістан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған орай, бүгін Арыс қаласынан елордаға автокеруен аттанды. Керуен құрамында арыстық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері тиелген жүк көліктері бар. Жәрмеңкеде өңіріміздің диқандары ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтық сатылымнан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынады. Тоңазытқыштармен жабдықталған ауыр жүк көліктері ел астанасына сиыр, жылқы, қой еттері, сондай-ақ қызанақ, қияр, қауын, қарбыз, қымыран, жалпы 40 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізетін болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер қайта жаңаруда

admin

Қандастарға қойылған талаптар қисынсыз ба? – Депутат Үкіметке хат жазды

admin

Түркістан: мәдениет және өнер мекемелері басшыларының жоспарлары мен ұсыныстары тыңдалды

admin