The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Созақта әкімдік және төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Бүгін ауа температурасының күрт жылуы мен жауын-шашын салдарынан Созақ ауданындағы тау бөктерінде орналасқан Шолаққорған, Жартытөбе ауылдық округтерінде өзен, арықтардағы су деңгейі көтерілді. Аталған жағдайлардың салдарын жою мақсатында аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, аудандық төтенше жағдайлар, полиция бөлімі мен сала қызметкерлері толықтай жұмылдырылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, табиғи апатты болдырмау мақсатында күшейтілген режимде жұмыстар жүріп жатыр. Қашыртқылар мен каналдар қазылып, тұрғын үйлерге су кірудің қаупі сейіліп, ағын сулар қауіпсіз аймақтарға бұрылды. Қазіргі таңда су деңгейінен келер қауіп жоқ. Сонымен қатар аудан басшысының тапсырмасымен түнгі ауысыммен жұмыстар атқарылып, арнайы кезекшілік бекітіліп, жағдай толық бақылауға алынған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: «е-Өтініш» жүйесінің алғашқы нәтижелері анықталды

admin

Астана әуежайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі

admin

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастар форумы өтті

admin