The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

Өскемен қаласында суицид жасамақ болған ер адам көпірден секірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 20 тамызда Өскемен қаласында болған. Құтқарушыларға ер адамның Ертіс өзеніндегі көпірден секірейін деп тұрғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл келіп жетті.

Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлерінің суицид жасамақ болған адамды сөзге тартып, райынан қайтармақшы болып тұрғанын көрді. Кенеттен ол суға секіріп кеткен, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД қызметкерлері лезде жүзіп барып, суға құтқару шеңберін лақтырды. Алайда жігіт оған қарамады. Сол кезде олар қайықпен жанына келіп, судан алып шықты.

Көп ұзамай құтқарушылар 19 жастағы жігітті жағалауға жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 31,2 пайызды құрады

admin

Түркістанда “археологтар күні” мерекеленді

admin

Түркістан: Құркелес азаматтары көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

admin