The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тауда адасып кеткен екі қыз табылды

21 тамызда сағат 1:20-да ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне ер адамнан оның таныстарының тауда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зардап шеккендермен байланыс бар.

РЖҚЖ жедел тобы өтініш берушілерден геолокация бойынша Казачка өзенінің шатқалына қарай шақыруға шықты. Сағат 2:20-да құтқарушылардың жедел тобы қыздарды тауып алды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарушылар оларды аман-есен төмен түсірді. Туристердің Көк жайлаудан түскен кезде адасып кеткені белгілі болды.

ТЖМ құтқарушылары тауға шықпас бұрын болжамды маршрутты, қиындық дәрежесін, саяхат уақытындағы ауа райы болжамын біліп алуды еске салады. Жоспарланған маршруттан ауытқымаңыздар.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

admin

Түркістанда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы атап өтілді

admin

ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында 10 мың халық табиғи газбен қамтылды

admin