«Табысы төмендерге 432 мың теңге беріледі» деген ақпарат рас па?

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға және белгілі бір сырқаты бар азаматтарға 432 500 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалатыны» деген ақпарат тарап жатыр. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамада мұндай көлемде біржолғы төлем қарастырылмаған. Уәкілетті органдар азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Мамандардың айтуынша, мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу үшін таратады. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу қажет.

Еске салайық, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы жолданады және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады. Сонымен қатар әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады, — деп ескертті министрлік.

Бұған дейін «Рамазан айына орай әр үйге 20 мың теңге төлем берілетіні рас па?» деген ақпаратқа жауап берген едік.