The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Тараз көшелеріне қазақша атау беріліп жатыр

Таразда мағынасы ескірген орысша атаудағы 195 көше анықталды. Ал биыл он көше жаңа атауға ие болған. Жуырда Ленин көшесіне Шерхан Мұртаза есімі берілсе, бұрынғы Памир көшесі енді Жалаңтөс батырдың атымен аталады.

Азияның соңғы Жолбарысы атанған Жалаңтас баһадүр десе ел есіне Орбұлақ шайқасы түседі. Жоңғарларға қарсы соғысқан Жәңгір ханға көмекке келіп, жауға жалаңаш кеудемен шапқандықтан, Жалаңтөс аталып кеткен. Қазақ халқы мен түркі елдерінің батыры болғандықтан, облыс орталығынан көше беріліп, ескерткіші ашылып отыр. Ұзындығы 1,5 шақырым болатын көше қараусыз қалып келген болатын. Жаңа атауға жеткен тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

Бүгінде қалада 1442 көше бар. Алда тағы мағына-маңызы жоқ 22 көшенің атауы өзгеруі мүмкін. Жергілікті билік атауларды өзгерту бойынша ұсынысты республикалық ономастикалық комиссияға жолдаған.

Марат Мыңбосынұлы, Тараз қаласының тұрғыны:

Бүгін міне, қуанышты күн болып жатыр. Мына жер саз болып жатқан, адам жүре алмайды, батпақ. Аяғыңды бассаң, саз болып, су шығып жататын. Қазір міне қаламыз өзгеріп, Тараз қаласы көркейіп келе жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаштық оқушылар жұмысшы мамандығы бойына білім алып, диплом иеленді

admin

Еліміздің өңірлеріне 415 жаңа мектеп автобусы жеткізілді

admin

Депутат никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды

admin