The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Таразда пәтерден өрт шығып, ломбард пен дүкенге ұласты – зардап шеккендер бар

Таразда 31 тамызда сағат 17.59-да бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызыл жалын одан әрі бірінші қабаттағы ломбард пен дүкеннің шатырына ұласты. Өрттің ауданы — 40 шаршы метр.

Өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт 18-19-да оқшауланып, сағат 18-28-де толық жойылды. Өртті сөндіру барысында баспалдақ арқылы 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13 бала бар. Өрт орнынан түтіннен улану белгісі бар пәтер иесі табылып, ауруханаға жеткізілді, — деді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі анықталу үстінде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

admin

Елімізде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

admin

Талдықорғанда 27 анаға мемлекеттік марапат табысталды

admin