The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Таразда жүргізуші куәлігін «сатқан» алаяқтар сотталды

Таразда мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды рәсімдеу кезіндегі заңға қайшы орын алған фактіге қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Ж.Е.Мамырайымов пен Е.Б.Дәулетке алаяқтық үшін 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар аралығында жүргізуші куәлігін алып беру сылтауымен 8 азаматты алдап, 150 000-300 000 теңге көлемінде ақшаны иемденген. Алынған ақшаның жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайды. Үкім заңды күшіне енді, — делінген ведомство хабарламасында.

Антикор қабылданып жатқан шаралар аясында, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды рәсімдеу бойынша делдалдардың заңсыз әрекеттеріне назар аударады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында еріген су тасып жатыр

admin

Биылғы «өнерлі өлке» облыстық фестивалін отырар ауданының өнерпаздары қорытындылады

admin

«Бюджет народного участия»: в Медеуском районе Алматы благоустроили пешеходные маршруты

admin