The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Киелітас ауылдық округінде өткен кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдадым. Қабылдауға келген округ тұрғыны Н.Әлімқұлов көшесінде электр желілері мен бағаналарын ауыстырып, асфальт төсеу қажеттілігі жөнінде өтінішін жеткізсе, Т.Мұхамеджанов Жалын көшесіне түнгі жарық орнатып, жөндеуден өтіп жатқан жол сапасын қадағалауды сұранды. Сауран көшесінің тұрғыны өзінің тұрмыстық жағдайын әңгімелей келе, жеке кәсіп ашуды көздеп отырғанын айтып, кеңес сұрады. А.Байтұрсынов көшесінің тұрғыны екі көшенің қиылысқан тұсындағы жолдың жөндеуден қалып кеткеніне шағымданды. Б.Рүстемов көшесінің тұрғыны аталған көше қоғамдық тамақтану орнының жанында орналасқандықтан, жолға жол кедергісін орнатып, түнгі жарықтандыруға қосуды сұранды.

Қабылдау барысында тұрғындардың көтерген мәселелері мен өтініш-тілектерін тыңдап, заңдылығын түсіндірдім. Инфрақұрылым жүйесіне қатысты шағымдар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселе тек заң аясында атқарылатынын да жеткіздім.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды

admin

Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені биыл пайдалануға беріледі

admin

ОАР мен Түркістан облысы арасындағы байланыс нығаяды

admin