The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түлкібастық жас волейболшылар ел чемпионатында жүлделі орынды иеленді

Түлкібас ауданында волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-10 аралығында өткен тартысты турнирге 14 облыс пен Түлкібас ауданының құрамасы қатысты. Өңіріміздің жас волейболшылары ақтық сайыста Жетісу облысының құрамасынан есе жіберіп, нәтижесінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бірінші орынды Жетісу өңірінің құрамасы иеленсе, үздік үштікті павлодарлық волейболшылар түйіндеді. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубогімен, медалімен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі құрылыс алаңдарын аралады

admin

ТҮРКІСТАН: этнофестиваль — көне салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды дамыту

admin

Председатель комитета дал положительную оценку спортивным объектам Туркестана

admin