The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: «Анаға хат» шығармашылық байқауы өтті

100 ден астам мектеп оқушылары қатысқан.

Ордабасы ауданындағы «Игілік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Анаға хат» шығармашылық байқауның қортынды кеші өтті. 100 ден астам мектеп оқушыларынан келіп түскен шығармалардың арасынан әділқазылар алқасының шешімімен 10 оқушының туындысы үздік деп танылды. Қалам қабілеті шыңдала түскен оқушыларға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Кеш соңы барша аналардың құрметіне арналған концерттік кешке ұласты. Жасөспірімдердің ата-анаға деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыруды, жас ұрпақты ізгілікке үгіттеуді мақсат тұтқан іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ұқсас жаңалықтар

Туркестан: Награждены лучшие работники лесного хозяйства

admin

Жамбыл: 2026 жылға дейін 60 инвестициялық жоба іске асырылады

admin

«Шексіз өнер — тең мүмкіндіктер»: Түркістанда ерекше балаларға арналған мерекелік кеш өтті

admin