The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Арыста жастар ауылдың көркеюіне үлес қосып жатыр

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Монтайтас ауылдық округінде ауыл жастарының ұйытқы болуымен «Монтайтас»  саябағына 350 түп шырша көшеттері отырғызылды.  Саябақ Монтайтас елді мекенінің шыға берісінде орналасқан. Шараның мақсаты –  ауылды көркейту, көгалдандыру. 

«Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» демекші, ауыл жастары ауылдың  көркеюіне үлес қосқан барлық ауыл азаматтарына, ел ағаларына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осы шараның жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, қала әкімдігінің бастамасымен, бүгінгі таңда  өз үйі іргесін, тұрғылықты көшесін абаттандырамын деген арыстық тұрғындарға  көшеттер де үлестірілуде.

Жалпы, жоспар бойынша биылғы күзгі ағаш отырғызу маусымына Арыс қаласы мен ауылдық округ аумағында 25 000 көшет отырғызу көзделуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркі кеңесі мен Түркістан облысы әкімдігі әріптестікті нығайту жөнінде уағдаласты

admin

Түркістан: Отырарда астық жинау науқаны басталды

admin

Экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын адамдарға үстемеақы төлене ме

admin