The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістан: “бүгін жоспар жүйелі түзілмесе, ертең тірлік өнбейді”

2023 жылы облыс орталығында сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 50,3 шқ құрайтын 47 көше орташа жөндеуден өтті.

Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.

Ағымдағы жылы 62 аялдаманың құрылысы аяқталып, қолданыстағы аялдама саны 224-ке жетті. Дегенмен, қалада әлі де 182 аялдама қажеттілігі бар.

Сала жұмысын саралаған қала әкімі бөлім басшысына жоспарлау барысында тұрғындардың сұранысына басымдық беруді ескертті.

2024 жылға жолдарды қайта жаңғырту бойынша 3 жобаны (Атабай тас жолы, ұзындығы 3,07 шқ.; Б.Майлин көшесі, ұзындығы – 1,97 шқ.; О.Жандосов көшесі, ұзындығы – 3,11 шқ.) жүзеге асыру жоспарланса, Қазыбек би және С.Ерубаев көшелерінің аралығына  1,82 шқ, жол құрылысын жүргізу көзделіп отыр.

“Жайлы мектеп” бағдарламасымен құрылысы жүретін 2 мектепке апаратын жолдар, Шауғар және Яссы тұрғын алабтарында — 89 көшеге, жалпы 102,1 шақырым жолға асфальт басу келесі жылдың жоспарына енгізілді.

— Санаулы күнде жылды аяқтаймыз. Келесі жылы да кезегін күткен мәселе көп. Іс нәтижелі болуы үшін жоспар сауатты жүйеленуі тиіс. Сектор басшылары, бөлімдермен байланысты күшейту керек, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаштық шебер ұстаз жаз маусымында оқушыларды шығармашылыққа үйретуде

admin

Екі шымкенттік жалған шот-фактура арқылы мемлекетке 700 млн теңге салық төлемеген

admin

9 білім ғимараты күрделі жөндеуден өтеді

admin