The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Кентауда үшем дүниеге келді

Кентау қаласы, Хантағы ауылының тұрғыны, Бақыткүл Саттархан үшемді дүниеге әкелді. Үшемдердің екеуі ұл, біреуі — қыз. Оларға Бағым, Аңсар, Аслан есімдері қойылды. Айта кетейік, үшемдер мерзімінен бұрын, жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келген.  Сәбилер 1.480, 1.380, 1.280 грамм салмақта дүние есігін ашты.

Бүгінде нәрестелер 2 айға жуық тексеру, күтіп-баптау жұмыстары бойынша дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ, ана мен балалардың жағдайы бірқалыпты. 28 жастағы Бақытгүл Саттарханның айтуынша, ол тұңыш баласын 6 жыл күткен. Енді араға бір жыл салып үшемдер туылған. Бүгінде Ермахановтар отбасында үлкен қуаныш.

Айта кетейік, қала әкімінің орынбасары, Ақнұр Байболова үшемдердің шаңырағына барып, қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, сәбилерге арналған сыйлықтарын табыстады.

Жалпы жыл басынан бері Кентау қаласында 765 сәби дүниеге келген. Оның 18-і егіздер болса, үшемді дүниеге әкелген бір ана.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда саммит қарсаңында күштік құрылымдардың дайындығы тексерілді

admin

Бірнеше облыстың жүргізушілеріне ескерту жасалды

admin

16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді

admin