The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫР ҚЫЛМЫСТАР САНЫ АЗАЙҒАН

Соңғы үш жылда Түркістан облысы аумағында интернет желісі арқылы жасалған алаяқтық қылмысы артқан. Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қаржы пирамидалары жыл сайын әшкереленіп, бірнеше жүздеген адамдар осы қылмыстардың құрбаны болып жатқанына қарамастан, азаматтар жеңіл әрі тез ақша табуына сеніп, осындай алаяқтарға ақшасын беруге дайын.
Маңызды мәселе — жол-көлік оқиғаларын алдын алу. Қабылданған шараларға қарамастан, олардың саны 5 пайызға өскен. Оқиғалар жүргізушілермен жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, жол белгілер талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.
Аппарат отырысында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен сатылымы туралы баяндады. Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы аумағы 360 мың ш.м. асатын 89 көпқабатты тұрғын үйдің (5649 пәтер) бой көтерген. Биыл тағы 2 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды.
Жалпы 4 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, алаңы 2 есеге артты. Осы уақыт ішінде облыс орталығында 337 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (15 411 пәтер, 1 001,1 мың м2). 2019-2021 жылдары 113 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді (5 433 пәтер, 342,9 мың м2).
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Тегін санаторлық-курорттық емделуге жолдама алуға 6000-нан астам өтініш қабылдаған

admin

Украина астығы тиелген алғашқы кеме Түркия жағалауларына жетті

admin

ШЫМКЕНТ: Жұмыспен қамту жол картасы жобасы арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды

admin