The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан облысында жолды қардан тазалау жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысының барлық аумағында дерлік қар қалың түсіп жатыр. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Жоспарға сай мамандар бекітіліп, жұмыстар қолға алынған.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы мен Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қардан тазалау және инертті материалдарды себу жұмыстары жалғасып жатыр. Оған арнайы техникалар тартылған. Атап айтсақ, 33 жол тазалайтын көлік, 7 автогрейдер, 18 трактор жұмылдырылған.

«Құрметті көлік жүргізушілері! Мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауларыңызды өтінеміз. Аса қажет болған жағдайда жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды және автокөлікпен тек қысқы шинамен шығуларыңызды сұраймыз!» дейді мамандар.

Қар құрсауында қалып қойған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарласу қажет.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы өтіп жатыр.

admin

Шымкент: қала әкімі мәдениет нысандарының жұмысын жүйелеуді тапсырды

admin

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 777 млн теңгеден астам қаражатты қайтарды

admin