The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: түйе бағып, табыс тапқан отбасы

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында түйе шаруашылыға қызығушылар бар. Солардың бірі – Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Е.Алтаев.

Кәсіпкер алғашында 2 түйеден шаруа бастап, бүгінде түйе санын 25-ке жеткізіп отыр. Түйе бағуды отбасылық кәсіпке айналдырып, жұбайы түйе сауып, кәсіптерін дөнгелетуде. Бүгінде тәулігіне 20 литрден аса қымыран әзірлейді.

Түйе түлігі негізінен жайылымда өседі. Аса жоғары күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейді. Сондықтан бұл шаруашылықпен айналысу қолайлы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы IGEO – 2021 жүлдегері атанды

admin

ШЫМКЕНТ: Жастар практикасы — жұмыс табу мүмкіндігі

admin

ТҮРКІСТАН: жекеменшік мектеп басшыларымен өзекті мәселелер талқыланды

admin