The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Жетісайда жол салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 11,25 шақырымды құрайтын 13 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 304,9 млн. теңге қаржы қаралған.

Қазіргі таңда 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген 13 млн. 268 мың теңгеге ұзындығы 0,542 шақырымды құрайтын Қарасақал елді мекеніндегі 1 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Жетісай ауданында 2023 жылы орташа жөндеуден өткізілген көшелерге «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» Түркістан облысының филиалы тарапынан асфальтбетон сапасын және қалыңдығын анықтау мақсатында зертханалық сынамалар алынып жатыр. Жол сапасы бақылауда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте мерекеге орай 11 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды

admin

В Сарыагаше открылся торговый центр автозапчастей с постоянной занятостью 400 человек

admin

ШЫМКЕНТ: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық платформа ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өтті

admin